Flowin® тұжырымдамасын әзірлеудің артында медицинада мол тәжірибесі мен құзыреттілігі және спортшыларды даярлауда жоғары білім деңгейі бар декатлоннан швед ұлттық командасының (Swedish National Decathlon team) мүшелері болып табылатын үш элиталық спортшы тұр. Олар швед, еуропалық және әлемдік жарыстарда 267 медаль жеңіп алған спортшылардың бас жаттықтырушылары болды. Олар сонымен қатар Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының алтын медалисттерінің күш жаттығулары бойынша кеңесшілері болды.
Көп жылдық жеңіл атлетикалық тәжірибені пайдалана отырып, Flowin® командасы кез келген жаттығу мақсаттары мен дайындық деңгейлеріне арналған толыққанды функционалдық құралды әзірлеуге ұмтылды. Даму кезеңінде бұл құрал дәстүрлі ауыр атлетикалық жабдықты қалай толықтыруға немесе тіпті ауыстыруға болатындығына команданың көп көңіл бөлінді.
Flowin® материалтану саласындағы университеттермен және сарапшылармен тығыз, пәнаралық ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. Бұл серіктестік тек дене салмағын қолданатын ерекше жабдықты құруға әкелді. 2006 жылы бірнеше жылдық жоспарлау мен дамудан кейін Flowin® компаниясы құрылды.
Flowin® - тіркелген сауда белгісі болып табылдаы. Сонымен қатар, компания әлемде теңдесі жоқ бірегей патенттелген жаттығу жүйесіне — Friction Training™ құқығына ие.